Қазақстанда КВИ мен COVID-19 белгісі бар пневмониядан бір тәулікте бес адам көз жұмды

Астана. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанда коронавирусты инфекция (КВИ+) мен COVID-19 белгісі бар пневмониядан (КВИ-) бір тәулікте бес адам көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«13 наурыз 21 қыркүйек аралығында КВИ+: ауырғандар – 107 307 (өткен тәулікте 45), адам өлімі – 1699 (өткен тәулікте бес адам); 1 тамыз 21 қыркүйек КВИ-: ауырғандар – 31 148 (өткен тәулікте 62 адам), адам өлімі – 344 (өткен тәулікте бір адам)», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Қазіргі таңда, денсаулық сақтауминінің ақпарынша, COVID-19 дертінен 3667 адам ем алуды жалғастырып жатыр, олардың 36-сы бала. Стационарларда 1873 науқас жатыр, амбулаторлық деңгейде – 1794.
«97 адамның жағдайы ауыр, 13 – нің жағдайы нашар, 17 – і ӨЖЖ аппаратына қосылған», - деді ведомстводан.
Қазақстанда КВИ-ден, ресми ақпар бойынша 101 941 адам жазылған.

adimage