Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Астана. 20 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 20 маусымда басталып, 169 ҰБТ өткізу пунктерінде өткізіледі. ҰБТ-ға өтініш қабылдау 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілді. Тестілеуге қатысуға өтініш білдіргендердің жалпы саны – 117 242, оның ішінде осы жылы мектеп бітірушілер саны 96 380-ді құрайды (қалған 20 862 талапкер - былтырғы мектеп бітірушілері)», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Ведомствода нақтылағандай, ҰБТ-2019 нәтижелерін: @edu.gov.kz bot Telegram-боты көмегімен; edu.mail.kz сайтынан; Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан – www.testcenter.kz білуге болады. «Ол үшін әрбір талапкерге берілетін ТЖК (тестіленушінің жеке кодын) енгізу қажет», - деп хабарлады ҚР БҒМ-нен..
Еске салсақ, ұлттық бірыңғай тестілеу 16-шы жыл өткізіліп жатыр. 2019 жылы ҰБТ 20-30 маусым аралығында 169 пунктте өтеді.

adimage