Қазақстанда мамыр айында солтүстік жартысында +35, оңтүстік жартысында +40 дейін ыстық күтіледі

   Астана. 18 сәуір. ҚазТАГ- Қазақстанда мамыр айында солтүстік жартысында +35, оңтүстік жартысында +40 дейін ыстық күтіледі, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.
  «Мамыр айында жазғы атмосфералық процестерге көшу жүзеге асырылады. Көпжылдық мәліметтерге сәйкес оңтүстік аймақтарда үсік айдың бірінші жартысында, ал солтүстік аймақтарда - айдың соңына карай аяқталады, бірақ кей жылдары ең соңғы үсік айдың соңында, тіпті маусым айында болуы мүмкін. Ауа райының тұрақсыз сипаты жаңбыр мен найзағай, екпінді жел ай бойы, ал бұршақ жаууы айдың кей күндері орын алуы мүмкін»,- делінген бейсенбі күні таратылған ауа- райы болжамында.
   Айдың көп бөлігінде жоғары температура көрсеткіші басым болады деп күтілуде:
- республикамыздың солтүстік жартысында күндіз ауа +25+35°C дейін ысуы мүмкін;
- оңтүстік жартысында +30+40°C дейін.
   Суық толқындар әсерінен ауа температурасының төмендеуі күтіледі:
- солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде -5+5°C дейін, күндіз +10+15°C дейін;
- еліміздің батысында және оңтүстік жартысында түнде +5+15°C дейін, күндіз +16+26°C дейін.
  «Мамыр айында республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары, батыс аймақтарда норма шамасында күтілуде»,- деп ескертті синоптиктер.

Фото көзі: pixabay.com


adimage