Қазақстанда МӘМС аясында балалар мен жүкті әйелдердің тісі тегін пломбаланып, жұлынатын болады

Астана. 6 қаңтар. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында балалар мен жүкті әйелдердің тісі тегін пломбаланып, тегін жұлынатын болады, деп мәлімдеді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ басқармасының төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.
«Стоматология бойынша. Ол бізде міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне кіреді. Бүгінгі таңда балалар мен жүкті әйелдер бұл қызметті міндетті медициналық сақтандыру жүйесі аясында алады. Бұл қызметтер жолдамасыз консультативті-диагностикалық кешен аясында ұсынылады. . (…) Пломба, хирургиялық, жұлу және тағы басқалары – олар міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне кіреді», - деді дүйсенбіде ОКҚ кулуарында Жұмағұлов.
Аталмыш қызметті алу үшін, қор басшысының айтуынша, науқасқа Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) базасындағы «медициналық мекемеге» баруы керек.
«Бірақ эстетикамен, және басқа да косметикалық мәселелерге қатысты қызметтер ӘМСҚ жүйесінен тыс көрсетіледі, олар ақылы немесе қосымша медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетіледі», - деді ол.
Бұл ретте дәрігерге тегін қаралу санында шек жоқ.
«Егер баланың 32 тісі ауырса, ол 32 рет бара алады. Протездер мен имплантанттар біздің жүйеге кірмейді», - деді Жұмағұлов.

adimage