Қазақстанда мектеп пен емхананың орналастырылуын ескерусіз тұрғын үй салуға тыйым салмақшы

   Астана. 28 наурыз. ҚазТАГ - Қазақстанда мектептер мен емханалардың орналастырылуын ескерусіз тұрғын үй салуға тыйым салмақшы, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
  «Тұрғын аймақтарда әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің (білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің) орналастырылуын ескерусіз көппәтерлі тұрғын ғимараттарды (үйлерді) салуға жол берілмейді», - деп «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына еңгізілмек өзгерістер жобасында айтылған.
   «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 23 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы премьер-министрінің 19 наурыз 2024 жылғы №33-р өкімін орындау үшін, деп жоба негіздемесінде жазылған.
  «Аталған заңмен «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР заңының 49-бабына әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін (білім беру және денсаулық сақтау объектілерін) орналастыруды есепке алмай, көппәтерлі тұрғын үйлерді (үйлерді) тұрғын аймақтарға салуға тыйым салу бөлігінде өзгерістер енгізілді», - деп түсіндірді жоба авторлары.

Фото көзі: pixabay.com


adimage