Қазақстанда мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 7 980 валюталық қарызды қайта қаржыландыру мақұлданды

Алматы. 11 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанда мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 7 980 валюталық қарызды қайта қаржыландыру мақұлданды, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметінен.
«2019 жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 67,1 млрд теңге сомаға 7 980 өтінімді мақұлдап, 53,8 млрд теңге сомаға 6 523 қарызды қайта қаржыландырды. Қарыздың Бағдарлама талаптарына сәйкестігін анықтау үшін қарыз алушыларға кредитор банкке өтініш беру қажет», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Қаржылық реттеуші еске салғандай, ипотекалық займдарды қайта қаржыландыру бағдарламасы екі блоктан тұрады.
«Бағдарламаның бірінші бөлігі 2004 жылдан бастап 2009 жыл аралығындағы кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған. Аталған қарыздарды қайта қаржыландыруға Қазақстан Ұлттық Банкі 130 млрд теңге бөлді. 2019 жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша револьверлік тетікті есептегенде Бағдарлама шеңберінде банктер 165,9 млрд теңге сомаға 26 889 қарызды мақұлдап, 150,0 млрд теңге сомаға 25 473 қарызды қайта қаржыландырды. Бағдарламаның екінші бөлігінде Қазақстан Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын теңгемен қайта қаржыландыру көзделген», - делінген Ұлттық банк хабарында.

adimage