Қазақстанда меморгандар қажеттілігі үшін 2020 жылы ұшқышсыз ұшатын аппараттар жүйесін құрастыру жоспарлануда

Алматы. 1 маусым. ҚазТАГ – Мемлекеттік органдарды қамтамасыз ету үшін 2020 жылы ұшқышсыз ұшатын аппараттар жүйесін құрастыру жоспарлануда, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2020 жылы еліміздің мемлекеттік органдарын қамтамасыз ету үшін тиімділігі жоғары көпфункционалды ұшқышсыз ұшатын аппараттарды құрастыратын өндірісті ұйымдастыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, кәсіпорын алдында авиациялық қызметтердің азаматтық нарығына, оның ішінде экспортқа шығу мақсаты тұр. Бұл шаралар болашақта өңірлік көпфункционалды сервистік авиациялық орталық мәртебесіне үміткер болуға мүмкіндік береді», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
2018-2020 жылдары Қазақстан Республикасы аумағында алғаш рет отандық кәсіпорын Ан-72, Су-25 Су-27, С-295 ұшақтарында регламенттік жұмыстарды орындады.

adimage