Қазақстанда номиналы 500 еуро жалған банкноттарды жеткізудің халықаралық каналының жолы кесілді

Астана. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстанда номиналы 500 еуро жалған банкноттарды жеткізудің халықаралық каналының жолы кесілді, деп мәлімдеді қаржы министрлігінің қаржылай мониторинг комитетінің төрағасы Жанат Элиманов.
«Қазақстанда 2012 жылдың сегіз айында жалған ақша шығаратын екі астыртын цехтың әрекетінің, номиналы 500 еуро жалған банкноттарды жеткізудің халықаралық каналының жолы кесілді», - деді Элиманов дүйсенбідегі онлайн баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, аталмыш қылмыс үшін үш адам сотталған, соның ішінде Ресей азаматы да бар.
«Тағы бір іс сотта қаралып жатыр. Сотталушы ретінде Грузия азаматы, грузиялық қаржылай полиция экс-қызметкері өтіп жатыр», - деді ҚМК төрағасы.
Алматы облысында, оның айтуынша, Плотников деген азамат сотталған, ол жалдамалы пәтерде номиналы Т5 мың және Т10 мың жалған банкноттарды шығаратын астыртын цех ұйымдастырған. Сонымен қатар, жалған ақша шығарушы Итахуннов та сотталды, ол номиналы Т5 мың болатын жалған ақшаны Т1 млн. сомаға сатқан.
Бұдан басқа Шымкентте банктердің бірінің филиалында номиналы 500 еуро болатын жалған ақшаны 4 мың еуропаға сату дерегі анықталған. Тергеу бұл қылмысты сол банктің бес қызметкері жасаған деп санайды.
«Қылмыстық іс аяқталу сатысында», - деді Элиманов.

adimage