Қазақстанда ҰОС қатысушылар саны 1400-ден кем

Алматы. 2 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанда Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен ардагерлер саны 1339 жетті, деп хабарлады ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінен.
«Қазіргі таңда елімізде 125 мыңнан астам ҰОС ардагері тұрып жатыр (Нұр-Сұлтанда – 3120 ардагер), оның ішінде: ҰОС қатысушылары мен ардагерлері - 1339 адам (Нұр-Сұлтанда -64). (…) Ұлы Отан соғысына қатысушының ең жасы 1945 жылы 18 жасында соғысқа аттанған қарт 92 жаста», - делінген ҚазТАГ сауалына ҚР еңбек және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Ақмади Сарбасовтың берген жауабында.
Бұл ретте ол қалған 123 661 адамның ҰОС қатысушыларына теңестірілгенін атап өтті, соның ішінде 28-і «ҰОС қайтыс болғандардың ата-аналары, екінші қайтара тұрмыс құрмаған әйелдері», қайтыс болған 5273 соғыс ардагерінің әйелдері, ҰОС кезінде әскери қызметтен өткен 571 адам, сонымен қатар 117 904 тыл еңбеккерлері.
Сондай-ақ, министрлік ақпарынша, ҰОС ардагерлеріне Жеңістің 75 жылдығына орай Нұр-Сұлтан мен Мәскеуге тегін барып келу қамтамасыз етілген.
«Жеңістің 75 жылдығына орай Нұр-Сұлтан мен Мәскеудегі шеруге қатысу үшін Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жол жүруі мен жатын-орны және тамақтануы үшін Т90,6 млн. сома көлемінде қаржы қарастырылған. Аталмыш қаржы аясында ардагерлердің өзінің ғана емес, оларға еріп жүретіндер мен олардың денсаулығына күтім жасайтын медициналық қызметкерлердің де жол жүрісі, тамақтануы мен жатын-орны кірген», - делінген хабарда.
Еске салсақ, ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған шаралар туралы хабарлаған еді. Оның ішіне ардагерлерге төленетін ақшалай сыйақылар мен салтанатты шараға қатысу үшін Нұр-Сұлтан мен Мәскеуге бару шығындары да кірген.

adimage