Қазақстанда отбасылық шараларды жасауға тыйым салынады - Есмағамбетова

Астана. 2 маусым. ҚазТАГ – ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдегендей, Қазақстанда отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынды, деп хабарлады Қазақстандағы COVID-19 жағдайына арналған ресми интернет ресурстан.
«Бүгінгі таңда отбасылық шараларды өткізу, яғни адамдар көп жиналатын кез келген шараларды өткізуге тыйым салынған. Біз алдымен 30 адамға арналған нысандарды кезең-кезеңімен аштық. Екінші кезеңде 50 адамға арналған шараларға рұқсат бердік, бірақ ұжымдық шараларды өткізуге болмайды», - деді Есмағамбетова сейсенбіде.
Оның айтуынша, «эпидемиологиялық жағдай әзір кез-келген шараны өткізуге мүмкіндік бермейді».

adimage