Қазақстанда Президент әкімшілігі жанынан Талдау және болжалдау орталығы ашылды

Астана. 11 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанда Президент әкімшілігі жанынан Талдау және болжалдау орталығы ашылды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.  
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымына тиісті өзгеріс енгізіле отырып, Талдау және болжамдау орталығы құрылды», - делінген сейсенбідегі Ақорда хабарында.  
Сондай-ақ, мемлекет басшысының Өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі болып тағайындалды.

adimage