Қазақстанда құрылыс компаниялары үшін кредиттеу шарттары ІІ тоқсанда нашарлады

Алматы. 21 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанда құрылыс компаниялары үшін кредиттеу шарттары ІІ тоқсанда нашарлады, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
«2019 жылдың 2-тоқсанында банктердің кредиттеу шарттары кен өндіру, өңдеу салалары кәсіпорындары үшін жақсарып, құрылыс саласы үшін нашарлады», - делінген сәрсенбіде таратылған Ұлттық банктің салалық конъюнктуралық шолуында.
Хабарда айтылғандай, теңгемен алынған кредиттер бойынша ең төменгі орташа пайыздық мөлшерлемелер (11,6%) өңдеу өнеркәсібінде орын алғанына қарамастан, өңдеу өнеркәсібінде несиелендіру шарттарын тиімсіз деп бағаланып отырған кәсіпорындардың үлесі басқа салаларға қарағанда жоғарырақ (14,8%).
«Ондай кәсіпорындардың үлесі тау кен өндіру өнеркәсібінде ең төмен болып табылады (4,2%), және салада бұл көрсеткіштің төмендеу тенденциясы байқалады. Сонымен қатар шетел валютасымен берілген несиелер бойынша ең төменгі орташа мөлшерлеме де кен өндіру өнеркәсібінде орын алды (4,5%). 2019 жылдың 3-тоқсанында несие алуға ниетті кәсіпорындардың үлесі ең көп өңдеу өнеркәсібінде және сауда саласында (22,8% және 20,3%, сәйкесінше), ең төмен көлік және қойма саласында (7,0%)», - деп нақтылады қаржылай реттеуші.

adimage