Қазақстанда су тасқыны салдарынан бес облыстағы 11 жолда көлік қозғалысы шектелді,

Астана. 16 сәуір. ҚазТАГ — Қазақстанда су тасқыны салдарынан бес облыстағы 11 жолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметінен.
«16 сәуір сағат 09:00–дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында күннің жылынуы мен қардың еруіне байланысты 3 облыста жалпы ұзындығы 6850 метр 8 учаскеде еріген судың жол жиегінен шығып кету оқиғалары тіркелген (Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы). Еліміздің 5 облысында (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы) ұзындығы 411 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар 11 жолда көлік қозғалысы шектелді», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, қазіргі таңда республикалық жолдарда 531 бірлік техника мен 1134 адам жұмыс істеп жатыр.

Фото көзі: Pixabay


adimage