Қазақстанда жаңа баспананың 1ш.м. құны қарашада 1% қымбаттады

Алматы. 10 қараша. ҚазТАГ – 2019 жылдың қарашасында Қазақстанда жаңа баспана бағасы Т292 886 құрады және бір айда 1%, бір жылда (2018 жылдың қаңтар –қарашасымен салыстырғанда 2019 жылдың қаңтар-қарашасында) 6,2% өсті, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің сайтынан.
Статақпарға сәйкес, 2019 жылғы қарашада өткен аймен салыстырғанда абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағалары – 0,4% (жыл басынан бері 4%) өсіп Т199 524 жеткен, абаттандырылмаған тұрғын үйлердің құны сәйкесінше, 0,5% және 3,7%-ға өсіп, Т124 857 жеткен.
Тұруға жайлы баспананың 1ш.м. жалға алу бағасы – 1494 теңге (сәйкесінше +0,7% және +7,4%) болған.

adimage