Қазақстанда жастар арасындағы суицид саны төмендеді, бірақ әлі де баршылық-Қалетаев

Астана. 18 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда жастар арасындағы суицид саны төмендеп келеді, бірақ әлі де баршылық, деп мәлімдеді қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев дүйсенбіде Қазақстандағы жастар саясаты тақырыбында мәжілісте өткен үкімет сағатында.
«Республикада жастар арасындағы суицид пен суицид жасауға ұмтылулар саны төмендеді. Десек те, жастар арасындағы суицид проблемасы өзекті болып қалып отыр», - деді министр.
Бұл ретте ол атап өткендей, «суицид жасауға ұмтылу биологиялық, психологиялық және әлеуметтік факторлардың өзара қарым-қатынасына байланысты» болады. «Жастардың құндылықтарға деген көзқарасы да суицид жасауға ұмтылуға әсер етуі мүмкін», - деп санайды Д.Қалетаев.
Қоғамдық даму министрлігі басшысының ақпарынша, 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы жастар арасындағы суицид саны 3,9%-ға қысқарған, яғни 654-тен 628 жағдайға дейін.
«Бірақ бұл әлі де үлкен көрсеткіш», - деп санайды Д. Қалетаев.
Ол суицидтің алдын алу жұмыстары білім және ғылым министрлігімен, ғылыми және қоғамдық институттармен жалғастырылатын мәлімдеді.

adimage