Қазақстанда желтоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы Т29,4 мыңды құрады

Астана. 9 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанда 2019 жылдың желтоқсанында ең төменгі күнкөріс деңгейі Т39,4 мыңды құрады, бұл 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 11,2% жоғары, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің (ҰЭМ) статистика комитетінің баспасөз қызметінен.
«Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы қарашада 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 11,2%-ға жоғарылады»,- делінген ҰЭМ хабарында.
Статақпарға сәйкес, оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 21,3%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқа – 15,7%, жемістер мен көкөністер – 8,1%, нан және жарма өнімдері – 8%, қант, шай және дәмдеуіштерді 1,9%-ды құрады.

adimage