Қазақстандық ескекшілер – ағайынды Сергей және Тимофей Емельяновтар Токио Олимпиадасында финалға өтті

Астана. 2 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстандық ескекшілер – ағайынды Сергей және Тимофей Емельяновтар Токио Олимпиадасында финалға өтті, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Токио Олимпиадасында ерлер мен әйелдер арасында байдарка мен каноэ есуден сайыстар жалғасып жатыр. Байдарка мен каноэде есуден ерлер арасында 1000 м қашықтықтағы ширек финалдық сындар аяқталды. Аталған санат бойынша Қазақстан сапынан ағайынды Сергей мен Тимофей Емельяновтар қатысты. Ширек финалдың нәтижесі бойынша Қазақстан 3:55.157 көрсеткішмен төртінші орыннан көрінді», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Комитетте атап өткендей, мұндай нәтиже А финалына жолдама алуға жеткіліксіз болғандықтан, қазақстандық дуэт В финалында бақ сынайды.
«Ал В финалы 3 тамыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 8:45-те өтеді», - деп нақтылады ҰОК.

adimage