Қазақстандық Герасименко үстел теннисінен Үндістан лигасының үшінші маусымында «қола» иемденді

Астана. 12 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстандық Кирилл Герасименко үстел теннисінен Үндістан лигасының үшінші маусымында «қола» иемденді, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетініің баспасөз қызметінен.
«25 шілде күні Нью-Дели қаласында үстел теннисінен Үндістан лигасының үшінші маусымы басталды. "UMumba TT" командасы сапында сынға түсетін қазақстандық Кирилл Герасименко халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды. (…)Халықаралық сында "Chennai Lions" командасы жеңіске жетсе, Dabang Delhi T.T.C." клубы күміс жүлдеге қол жеткізді. Қола жүлдені Кирилл Герасименко өнер көрсететін «UMumba TT» иеленген», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
ҰОК ақпарынша, Турнирге жалпы есебі 36 спортшы қатысқан. Әрбір матч бес кездесуден құралды.

adimage