Қазақстандық ХҚКО-дағы кезектің көптігі ақпараттық жүйелердегі ақау салдарынан деп түсіндірді

Астана.18 қаңтар. КазТАГ – Қазақстандық халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы (ХҚКО) кезектің көптігі ақпараттық жүйелердегі ақау салдарынан туындады, деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы ҰАҚ баспасөз қызметінен.
«Бүгін халыққа мемлекеттік қызмет көрсету процесіне арналған жекелеген ақпараттық жүйелер іркіліспен жұмыс жасап тұр. Соның салдарынан ХҚКО, көлікХҚКО-ларында азаматтар көптеп жиналып қалды», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Мемкорпорацияда мәлімдегендей, қазіргі таңда мемандар техникалық ақауларды жойып жатыр.

adimage