Қазақстандық Сергей Ткаченко Австрияда трамплиннен шаңғымен секіру турнирінің финалына өтті

Астана. 6 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстандық Сергей Ткаченко Австрияда трамплиннен шаңғымен секіру турнирінің финалына өтті, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«Австриялық Бишофсхофенеде трамплиннен шаңғымен секірудің «Төрт трамплин турнесі» атты танымал турнирдің төртінші кезеңі басталды. Білікті секіру кезеңінде қазақстандық «ұшқыш шаңғышы» Сергей Ткаченко 120,5 балл жинап, нәтижесінде бүгін болатын жарыстың финалына өтті», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Басқа қазақстандық секіргіш Сабыржан Мүминов финалға өте алмады, ол 64-ші болып келді (92.8).
«Секіруде үздік шыққандар: австриялық Штефан Крафт, ол 150.8 балл, екінші –жапониялық Дайки Ито, үшінші - польшалық Камиль Стох», - деді ҰОК.

adimage