Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды

   Астана.7 ақпан.ҚазТАГ- Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды,деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
   «Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды. Келесі кезең жеке құрамды, техника мен жабдықты түсіру, сондай-ақ жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау болады. Құтқарушыларға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы учаске бекітіледі деп күтілуде»,- делінген сейсенбі күнгі хабарламада.
   Ведомствода мәлімдегендей, ТЖМ құтқарушыларының иелігінде гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника сияқты құтқарушы құрал-жабдықтары бар.

adimage