Қазақстандықтар қазан айында спутниктік сигналдар сапасының нашарлауы туралы ескертілді

Алматы 12 қыркүйек. ҚазТАГ - Қазан айында қазақстандықтарға спутниктік сигнал сапасының нашарлауы туралы ескертілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«8-15 қазан аралығында спутниктік байланыс арналары мен хабар тарату сапасының нашарлауы мүмкін», - деп хабарлады «Қазтелерадио» АҚ бейсенбі күні.
Өз кезегінде, Республикалық ғарыштық байланыс орталығы: «көрсетілген мерзімде күннің байланыс спутниктік антеннасының осіне жақындауына байланысты күзгі кедергі болады деп күтілуде, нәтижесінде жерсеріктен жер үсті антенналары арқылы қабылданатын сигнал сапасы нашарлауы ықтимал» деп түсіндірді.

adimage