Қазақстандықтар үшін вакцина салу тегін болады – денсаулықмині

Астана. 28 қаңтар. ҚазТАГ – Бибіхан Серікова. Қазақстандықтар үшін вакцина салу тегін болады, деп хабарлады денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов.
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында вакцинация тегін болады. Елде вакциналауды мемлекет есебінен жүргізу қарастырылып жатыр. Үкімет резервінен тиісті қаражат бөлінеді. Оған қаражат қарастырылған. Тиісінше вакциналау тегін болады. Бұл Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына қатысты», - деп мәлімдеді Шоранов сәрсенбідегі брифингте.
Ол сонымен қатар қалың көпшілікке екпе салу қашан қолжетімді болатынын да атады.
«Сәуір мен мамыр айларынан бастап халықтың басым көпшілігіне вакцинациялау қолжетімді болады. Сонымен қатар қазақстандық вакцинаны өндіру және оны зерттеуді аяқтау күтіледі, сәйкесінше халықты вакцинациялау көлемі көбейетін болады», - деп санайды вице-министр.
Оның айтуынша, жыл соңына дейін шамамен 6 млн қазақстындыққа екпе салу жоспарлануда.

adimage