Қазақстандықтар жыл басынан бері бөлшек саудада Т7 трлн жұмсаған

Астана. 22 қыркүйек. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстандықтар жыл басынан бері бөлшек саудада Т7 трлн жұмсаған, деп мәлімдеді сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.
«Бүгінде Қазақстандағы тұтынушылар саны 18,7 млн адамды құрап отыр, олар күн сайын тауарлар мен қызметтерді сатып алуға 6 млн астам жұмсауда. Биыл қазақстандық тұтынушылар бөлшек сауда арқылы Т6,8 трлн. тауар сатып, Т4 трлн. қызметтер көрсеткен», - деді Сұлтанов сейсенбідегі үкімет отырысында.
Бұл ретте ол атап өткендей, қазақстандықтар жұмсаған қаржының негізгі бөлігі азық-түлікке, дәрі-дәрмекке, тұрмыстық тауарларға, жылжымалы және жылжымайтын мүліктер операциясына, рекреациялық қызметтерге тиесілі.

adimage