Қазақстаннан 3 мыңнан астам қажы Сауд Арабиясына қажылыққа жеткізілді

Астана. 6 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстаннан 3 мыңнан астам қажы Сауд Арабиясына қажылыққа жеткізілді, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитетінің (ААК) баспасөз қызметінен.
«Ағымдағы жылы 3200 қазақстандық қажы Сауд Арабия Королдігіне 2019 жылғы қажылыққа SCAT және Fly Nas авиакоманияларының 13 рейсімен сәтті жеткізілді. Рейстер Boeing 737, Boeing 767, Airbus 330 секілді ұшақтармен жүзеге асырылды. 2019 жылдың 5 тамызында Алматы–Джидда және Шымкент–Джидда бағыттары бойынша 2019 жылғы қажылыққа қазақстандық қажыларды тасымалдау бойынша SCAT және Fly Nas ұшақтарымен соңғы рейстер жасалды», - деп хабарлады сейсенбіде ААК.
Ведомствода нақтылағандай, қазақстандық қажыларды Қазақстанға кері жеткізу бойынша рейстерді жоғарыда аталған авиакоманиялар 17-23 тамыз аралығында жүзеге асырады.
«Жалпы қазақстандық қажыларды Қазақстанға кері қайтару бойынша 13 рейс жасалатын болады. Атап өту керек, ААК жыл сайын аталмыш рәсімге қолдау көрсетіп, қазақстандық қажыларды Сауд Арабиясына уақытылы жеткізуді қамтамасыз етіп келеді», - деді комитетте.
Атап өтелік, 2019 жылы үлкен қажылық маусымы 9-13 тамыз аралығына келіп отыр, ал 11 тамызда Құрбан айт мейрамы басталады.

adimage