Қазақстаннан Ресейге қарбыз бен қауынның ірі партиясын өткізбеді

Күні: 16:36, 17-06-2019.

Алматы. 17 маусым. ҚазТАГ – Қазақстаннан Ресейге қарбыз бен қауынның ірі партиясын өткізбеді, деп хабарлады РФ Челябі облысы бойынша Россельхознадзор басқармасының баспасөз қызметінен.
«Түркістан облысы Сарыағаш қаласынан (Қазақстан) бір көлікпен Екатеринбург қаласына жөнелтуші елдің (Қазақстан Респблкиасы) фитосанитарлық сертификатынсыз 200 кг қауын бен 100 кг қарбыз алып өтпек болған. Басқа көлікпен Қостанай облысынан Екатеринбeрг қаласына жөнелтуші елдің фитосанитарлық сертификаты бойынша Қазақстан Республикасында шығарылған 20 тонна қауын алып өтпек болған. Алайда аталмыш құжат жарамсыз деп танылды, себебі оның атауы мен санын түзету белгілері анықталған», - делінген дүйсенбіде таратылған құжатта
Хабарда атап өтілгендей, жоғарыдағы деректер 15 маусымда тіркелген.
«Өсімдік өнімін Кеден одағы аумағында тасымалдау ережесін бұзғаны үшін жүргізушілер РФ ӘҚбКо 10.2 бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды, ал қауын мен қарбыз тиелген көлік құралдары Қазақстан Республикасының аумағына кері қайтарылды», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: