Қазақстаннан Ресейге Т200 млн сомаға киік мүйіздерін шабаданмен алып өтпек болған

Астана. 10 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстаннан Ресейге Т200 млн сомаға киік мүйіздерін шабаданмен алып өтпек болған, деп хабарлады ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметінен.
«Орал шекара жасағы «Cырым авто» бөлімшесінің шекарашылары Ресейге ірі көлемдегі контрабандалық тауарды алып өтпек болған 49 жасар өзбекстандықты ұстады. Ол азамат Орал-Самара бағытындағы рейстік автобуспен үлкен шабадан алып бара жатқан, ол шабаданның ішінен 148 дана киік мүйізі табылған», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
ҚҰК ШҚ нақтылағандай, заңсыз жүктің бағаланған құны Т196,95 млн құраған.

adimage