Қазақстанның алты азаматы Ауғанстанда ИЛИМ мүше болғаны үшін ұсталды

Алматы. 21 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанның алты азаматы ҚР-да тыйым салынған «Ирак пен Левант ислам мемлекеті» (ИЛИМ/ДАИШ) лаңкестік ұйымына мүше болғаны үшін Ауғанстанда ұсталды, деп хабарлады Bakhtar news ауған ақпараттық агенттігі.
«Қазақстанның алты азаматын – ИЛИМ содырларын - Нимруз провинциясында ұлттық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ұстады», - делінген хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, ҰҚБ баспасөз қызметі хабарлағандай, олардың бірі мойындап түсінік бере бастаған.
«Абдулла есімімен белгілі Павелді, Қазақстан тұрғынын, әйелі және үш баласымен провинция астанасы Зарандж қаласында ҰҚБ қызметкерлері тұтқындады. Абдулла тергеу барысында үш жыл бұрын ИЛИМ мүше болып, Нангархар шығыс провинциясының түрлі бөлігінде лаңкестік әрекетпен айналысқанын мойындады.

adimage