Қазақстанның алты облысында ҚАЖД басшылары ауысты

Астана. 14 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанның алты облысында қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) басшылары ауысты, деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметінен.
«Алты облыста басшылар тағайындалды: Ақтөбе облысы бойынша – әділет полковнигі Шамшиев Алмас Абжанұлы; Алматы облысы бойынша – әділет полковнигі Әбдікәрімов Серік Жақсылықұлы; Алматы қаласы бойынша – әділет полковнигі Қанатбеков Дархан Тұрсынұлы; Батыс Қазақстан облысы бойынша – әділет полковнигі Ізтлеуов Азамат Әбдіғалиұлы; Қарағанды облысы бойынша – әділет полковнигі Тәкешев Ғазиз Әбікенұлы; Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – әділет полковнигі Ахметжанов Рүстан Серікұлы», - делінген жұмадағы хабарда.
ҚАЖД атап өткендей, тағайындалған басшылар бұған дейін облыстардың Қылмыстық атқару-жүйелерінде басшылық қызметтер атқарған және пенитенциарлық жүйеде көпжылдық тәжірибеге ие.

adimage