Қазақстанның алты облысында жұма күні дауылды ескерту жарияланды

Астана. 24 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстанның алты облысында жұма күні дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«24 наурызда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 24 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі», - делінген хабарда.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының шығысында тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз 9-14, облыстың солтүстік-шығысында 6, облыстың батысында 17 градус жылы күтіледі. Ақтөбе қ.: 24 наурызда күндіз ауа температурасы 10-12 градус жылы күтіледі.
Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз 2-7, облыстың оңтүстігінде 12 градус жылы болады.
24 наурызда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында туман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 4-9 градус жылы күтіледі. Петропавл қ.: 24 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы күндіз 5-7 градус жылы күтіледі.

adimage