Астана. 14 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанның астанасына бұрынғы Астана атауын қайтару бойынша қол жинау басталды, деп хабарлады бейсенбі күні агенттік тілшісі.
«2019 жылы наурыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен еліміздің бас қаласы Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан қаласы деп болып өзгертілді. Бұл шешім әлеуметтік желілерде және қарапайым халықтың өмірінде теріс қабылданды, қазірге дейін күнделікті өмірде тек бұрынғы атау қолданылады. Қоғамдағы пікіріне сәйкес, Қазақстан Республикасының Президентті, еліміздің Үкіметті және Парламентті Республикамыздың бас қаласын бұрынғы атаумен – Астана қаласы деп қайтаруды сұраймыз», - делінген петиция мәтінінде.
Сонымен қатар, петиция авторы «барлық қалалардағы жергілікті биліктерді Назарбаев атындағы көшелерге мемлекеттілігімізді, бірлігімізді, ел Тәуелсіздігін айғақтайтын бейтарап атауларды беруді» сұраған.
«Мысалы, Алматы қаласындағы Назарбаев даңғылын Республика даңғылы болып қайта аталуы мүмкін», - делінген петицияда.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Қытайдың қорғаныс министрін қабылдады25 Сәуiр 2024, 17:48
-
Тоқаев жаңа бизнес-омбудсменді тағайындады25 Сәуiр 2024, 17:23
-
Шымкентте аялдама павильонын орнатуға Т1,1 млрд астам қаражат жұмсауды жоспарлауда25 Сәуiр 2024, 15:28