Қазақстанның басым облысында алдағы үш күнде күн күрт және айтарлықтай суытады

Астана. 18 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанның басым облысында алдағы үш күнде күн күрт және айтарлықтай суытады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Карск теңізінің арктикалық ауа массаларында антициклон қалыптасып, оңтүстік-батыс бағытында жылжып, 21 қарашада Ресейдің Еуропалық территориясының орталығына дейін жетеді. Антициклонның шығыс перифериясы бойынша Қазақстанға Батыс Сібір арқылы арктикалық теңізден өте суық ауа массасы келіп, республиканың басым аймақтарында айтарлықтай күн суытады», - делінген 19-21 қарашаға арналған ауа райы болжамында.
Сонымен, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасының 28…33° аязға дейін төмендеуі болжанады, сондай-ақ кей жерлерде қар, бұрқасын, қатты екпінді жел күтіледі.
«Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарының кей жерлерінде қар, көктайғақ, тұман күтіледі. Мұнда сондай-ақ, түнде минус 7…15°С-қа дейін, қиыр оңтүстікте минус 3…8°С-қа дейін суытады», - деді синоптиктер.

adimage