Қазақстанның бес облысында құстардың қырылуы тіркелді

Астана. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстанның бес облысында құстардың қырылуы тіркелді, деп хабарлады ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева.
«Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бес облысының 26 ауданының 47 елді-мекенінде құстардың қырылуы тіркеліп отыр. Жеке аулалардағы жалпы қырылған құстар саны 12 926 басты құрады, бұдан басқа Солтүстік Қазақстан облысы құс фабрикаларында да құстар қырылған – 41 мың бас», - деді Исаева дүйсенбідегі брифингте.
Солтүстік Қазақстан облысында 11 аудандағы 27 елді-мекенде құстардың қырылуы тіркелді, СҚО сегіз ауданындағы 23 елді-мекенде құс тұмауы расталды.
«Ақмола облысына қатысты – бес ауданның тоғыз ауылында құстардың қырылуы анықталды, жалпы 286 құс өлген. Сонымен қатар Қостанай облысының алты ауданының бірнеше елді-мекенінде құстар қырылған, олардың жалпы саны 505-ке жеткен», - деді Исаева.
Бұл ретте, ол атап өткендей, құстардың қырылуы сондай-ақ, Павлодар және Қарағанды облыстарында да орын алған, алайда құс тұмауы тек Қазақстанның үш облысында ғана расталған.

adimage