Қазақстанның бірқатар облысында алдағы үш тәулікте жауын-шашын күтіледі

Астана. 9 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанның бірқатар облысында алдағы үш тәулікте жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Ауа райын демалыс күндері анықтаған антициклон біртіндеп әлсіреп Алтайға қарай ығысуда. Оның орнына Қазақстанның оңтүстік облыстарына Каспий теңізінің оңтүстігінен, ал солтүстік жартысына Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аймағынан циклон жылжуда, соған байланысты жауын-шашын, тұман, көктайғақ, солтүстік облыстарында екпінді батыс желі мен бұрқасын күтіледі», - делінген 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамында.
Хабарда атап өтілгендей, күндізгі ауа температурасы 0°С-қа, оңтүстікте плюс 5…12°С күтіледі, бұл орташа климаттық нормадан жоғары.
«Тек республиканың шығысында антициклонның ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», - деді синоптиктер.

adimage