Қазақстанның кей облыстарында су тасқыны салдарынан жолдардағы қозғалысқа шектеу қойылды

Астана. 18 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанның кей облыстарында су тасқыны салдарынан жолдардағы қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолдарында (ұзындығы 720 км) қозғалысқа шектеу қойылды», – деп хабарлады бейсенбі күні «ҚазавтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметінен.
18 сәуір сағат 09:00–дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың күрт еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 7120 метр болатын су тасқыны орын алды.
Ақпарға сәйкес, қазіргі таңда республикалық жолдарда 307 бірлік техника мен 370 адам жұмылдырылған.

Фото көзі: ©Мадина Алимханова


adimage