Қазақстанның хоккейден жасөспірімдер командасы ӘЧ дайындық аясында Словенияны жеңді

Астана. 11 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстанның хоккейден жасөспірімдер командасы ӘЧ дайындық аясында Словенияны жеңді, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның хоккейден жасөспірімдер командасы әлем чемпионатына дайындық аясында Словениямен достық кездесу өткізді. Кездесу 5:1 есебімен біздің хоккейшілердің пайдасына шешілді. Қақпаға шайба салғандар Адам Евлоев, Игорь Залевский, Алихан Омирбеков. Ал Станислав Александров екі рет салды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, жасөспірімдер әлем чемпионаты-2019 (1 дивизион, А тобы) 14-20 сәуір аралығында Гренобль қаласында (Франция) өтеді.

adimage