Қазақстанның оңтүстігінде алдағы үш тәулікте 40 градустық ыстық күтіледі

Астана. 17 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанның оңтүстігінде алдағы үш тәулікте 40 градустық ыстық күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Оңтүстік-батыс тропосфералық ағындар арқылы (5 км биіктікте) республиканың оңтүстік облыстарына Ираннан ыстық ауа массалары келіп түседі, және ағындар өз бағытын батыс немесе солтүстік-батысқа ауыстырмайынша (алдағы үш тәулікте ештеңе өзгермейді), республиканың оңтүстік облыстарында 35-40, кей жерлерде 45°С қатты ыстық сақталады. Ал Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарына Оралдан салқын және ылғалды ауа түсе бастауымен кей жерлерде өткенші жаңбыр мен найзағай және ыстықтың бәсендеуі күтіледі», - делінген 18-20 шілдеге арналған ауа райы болжамында.

adimage