Қазақстанның үш облысында бейсенбі күні күшті жел мен бұрқасын күтіледі

Астана. 20 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«21 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында 21 ақпанда оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген сәрсенбіде жарияланған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, 21 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, батыстан, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«21 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде оңтүстік-батыстан cоғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді», - деді синоптиктер.

adimage