Қазақстанның үш облысында сейсенбі күніне дауылды ескерту жарияланды

Астана. 22 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанның үш облысында сейсенбі күніне дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК орталығынан.
«23 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: 23 шілдеде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Түнде 23 шілдеде Атырау облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Атырау қ.: түнде 23 шілдеде найзағай күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«23 шілдеде Қостанай облысында кей жерлеріңде найзағай, дауыл, бұршақ, солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлеріңде тұман күтіледі. Қостанай қ: күндіз 23 шілдеде найзағай, солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.

adimage