Қазақстанның Швециядағы, Сауд Арабиясындағы, Өзбекстан мен Тәжікстандағы елшілері тағайындалды

Алматы. 18 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстанның Швециядағы, Сауд Арабиясындағы, Өзбекстан мен Тәжікстандағы елшілері тағайындалды.
«Мемлекет басшысының жарлығымен: Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне; Берік Сақбайұлы Арын Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі қызметіне; Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды», - делінген хабарда.

adimage