Қазақстанның солтүстігінде алдағы үш тәулікте өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі

Астана. 29 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанның солтүстігінде 30 мамыр 1 маусым аралығында өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Скандинавия түбегінің аудандарынан келген антициклон Қазақстан аумағына температураның аздаған төмендеуін тудырды, бірақ күнтізбелік жаз басталғаннан бері температураның жоғарылауы күтілуде. Тек солтүстік бөліктің кей жерлерінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Болжамға сәйкес, оңтүстікте, Иран аудандарынан жылы ауа массаларымен ыстық және құрғақ ауа райы сақталады.
«Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл өтеді», - делінген хабарда.

adimage