ҚАЖК Жанболат Мамайдың әрекетінен бұзушылық таппады

Алматы. 11 қараша. ҚазТАГ – ҚАЖК Жанболат Мамайдың әрекетінен бұзушылық таппады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қолдауларыңызға рақмет! Жанболатты босатты! Бүгін ҚАЖК-де жұмыс күні еместігіне қарамастан, Алматы облысы бойынша бастығы подполковник Ержігіттің өзі келіп, ақталды. «Біз сізді жапқалы жатқан жоқпыз. Тексеріс жүргіздік, бұзушылық таппадық» деді. Ал инспекторлар Жанболаттың үйінің қасында күндіз және кешкісін не істеп жүрді деген сұраққа жай ғана: «оларда жоспарлы жұмыс, тексерістер, сіздің үйіңіздің маңында жүргесін, соға кетуді жөн көрген» деп жауап берді», - деп мәлімдеді дүйсенбі күні журналист Инга Иманбай.
Еске салсақ, 9 қараша күні Мамайға пробация қызметіне келуді талап еткен шақыру қағазы келген. Заң бойынша ол демалыс күні үйінде болуы, ешқайда шықпауы, тұрғылықты жерінде болуы керек-мыс. Саясаткер өзінің қамауға алынуы мүмкін екенін де жоққа шығармады. Орын алған жайтты өзінің саяси белсенділігімен байланыстырды.
«Трибуна. Саяси калам» газетінің бас редакторы Жанболат Мамай 2017 жылдың 7 қыркүйегінде ҚР ҚК 193 бабы 3 бөлімі бойынша айыпты деп танылған еді. Бас бостандығын шектеуден басқа Мамайға үш жыл бойына журналистік қызметпен айналысуға тыйым салған. Журналисттің өзі тағылған айыпты мойындамады, ол қылмыстық қудалаушылықты газетті жабуға талпынушылықпен байланыстырды.
16 қазанда белгілі болғандай, Жанболат Мамай Қазақстанның Демократиялық партиясын құрмақ болған.

adimage