Бұған дейін Қазақстан обаға қарсыдан басқа екпе шығарған жоқ - Бекшин

Алматы. 28 қаңтар. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. KazCOVID-in – бірінші қазақстандық вакцина, бұған дейін Қазақстан тек обаға қарсы вакцина ғана шығарды, деп мәлім етті Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.
«Мен әрине, алғашқы отандық KazCOVID-in вакцинасын салдырғым келеді. Бұл қалыпты талпыныс. Әрине, Қазақстан бұған дейін обаға қарсы вакцинадан басқа вакцина шығарған жоқ. Бұл алғашқы қазақстандық вакцина», - деді Бекшин сәрсенбідегі брифингте.
Бекшин қазақстандық вакцинаны салдыратынын және оның қалай әсер ететінін байқағысы келетінін түсіндірді.
«Мен бұл институтпен бұған дейін құс тұмауы кезінде, 2013 жылғы H1N1 пандемиясы кезінде де жұмыс жасадым, сондықтан маған қазақстандық вакцинаның қалай әсер етеніні қызық болып отыр», - деп түсіндірді ол.
Бұл ретте, Алматының бас санитарлық дәрігері атап өткендей, ол қазақстандық вакцинаның ресейлікке қарағанда тиімді және қауіпсіз екеніне «мүлде күмән келтірмейді».

adimage