БҰҰ бас хатшысы өзінің жаңа жылдық сөзін әлеуметтік әділдік үшін күресіп жүрген жастарға арнады

Алматы. 30 желтоқсан. ҚазТАГ – Біріккен Ұлттар ұйымының (БҰҰ) бас хатшысы Антониу Гутерриш өзінің жаңа жылдық сөзін әлеуметтік әділдік үшін күресіп жүрген жастарға арнады, деп хабарлады БҰҰ баспасөз қызметінен.
«Сіздің буын озық ұстанымда тұр, сіздердің іс-қималдарыңыз – басты назарда. Сіздердің құлшыныстарыңыз бен сіздердің мақсаткерліктеріңіз мені жігерлендіреді. Сіздердің болашақтың қалыптасуына қатысуды талап етулеріңіз өте әділ. Мен сіздермен келісемін. Біріккен ұлттар ұйымы сіздермен келіседі, БҰҰ – бұл сіздің ұйым», - делінген дүйсенбідегі Гутерриштің мәлімдесінде.
БҰҰ бас хатшысы халықаралық қоғамдастық кез болып отырған қиындықтарды да сөз етті: теңсіздік, жауласудың, соғыстың таралуы және жаһандық жылыну.
«Климаттың өзгеруі тек ұзақмерзімді сипаттағы проблема ғана емес – оның қазірдің өзінде қауіп төндіріп отырғаны анық. Біз өзімізді планетамызда өрт лаулап тұрғанда әрекетсіз отыратын буын болуға мүмкіндік бере алмаймыз», - деді бас хатшы.
Ол мәлімдегенлдей, 2020 жылы – БҰҰ-ның 75 жылдығында Тұрақты даму мақсатын орындаудың 10 жылдығы -«әділ жаһандану үшін күрестің жол картасы» -басталатын болады. Осы және басқа да бастамалардың жүзеге асырылуында БҰҰ бас хатшысы жастарға үлкен сенім артады.
Бұл ретте БҰҰ басшысы жастарды алдағы уақытта да «өз пікірлерін ашық білдіруге» шақырды.
«Ауқымды ойлануды жалғастырыңыздар. Жаңа мүмкіншіліктерді ашыңыздар. Ары қарай да табанды болыңыздар», - деді Гутерриш.
Сөзінің соңында БҰҰ бас хатшысы планетамыздың барлық тұрғынына 2020 жылы бейбітшілік пен бақыт тіледі.

adimage