БҒМ Көкшетаудағы мұғалімнің ескертуін зерделеуде

Алматы. 18 қазан. ҚазТАГ – ҚР білім және ғылым министрлігі Көкшетаудағы мұғалімнің ескертуін зерделеуде, деп мәлімдеді Асхат Аймағамбетов.
«Соңғы күндері мұғалім А.К.Ахетованың ролигі кеңінен таралып жатыр. Аталған роликте көтерілген мәселелер қоғам тарапынан әртүрлі реакцияға ие болып, қызу талқылануда. Дәл қазір бұл материалдың мазмұнына қатысты ешқандай баға бермеймін. Ең бастысы, кез келген мұғалім мен ата-ана өз пікірін ашық білдіруге құқылы екенін түсіну - маңызды, ал біздің міндетіміз - осы ұсыныстар мен ескертулерді назарға алу», - деп жазды Аймағамбетов жұма күні Facebook парақшасында.
Бұл ретте ол атап өткендей, «мемлекет басшысы ары қарай жұмыста қолдану үшін аталған ескертуді зерделеуді тапсырған».
Еске салсақ, CBS телеарнасына берген сұхбатында Көкшетаудағы тарих пәнінің мұғалімі Әлия Ахетова білім берудің жаңартылған жүйесін, мұғалім мәртебесі туралы заңды, жалақы деңгейі мен мұғалімдердің барлық керек-жарақпен қамтылғаны туралы мәлімдемені қатты сынға алған еді.

adimage