БҚО-да әкесі мен баласы өрттен қайтыс болды

Орал. 25 қараша. ҚазТАГ – Батыс Қазақстан облысында әкесі мен баласы өрттен қайтыс болды, деп хабарлады «Мой город».
«Оқиға орнына өрт сөндірушілер жіберілді. Сағат 20:01-де 1982 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Полиция қарағаннан кейін өрт сөндірушілер іздестіру жұмыстарына кірісті. Сағат 23:38-де 2012 жылы туған баласының денесі табылды», – деп хабарлады БҚО ТЖД баспасөз қызметінен.
24 қарашада Бәйтерек ауданында орналасқан «Водник» бау-бақша серістестігінде ауданы 120 шаршы метр болатын үйде және оған жапсарлас салынған ауданы 30 шаршы метр болатын гаражда өрт шыққан. Үш көлік өртенген, оның біреуі гаражда тұрған.
Өрт себебі, келтірілген зиян және кінәлілер анықталуда.

adimage