Бағдат Манзоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

Талдықорған. 10 ақпан. ҚазТАГ – Бағдат Манзоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметінен.
«Бағдат Манзоров қызметінен өз еркімен кетті. Жұмыста ол өзін кәсіби маман және іскер басшы ретінде көрсете білді. Арысты қалпына келтіру барысында да жақсы жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар оның газ тарту саласында да, әсіресе блоктік модульдік қазандық қондыруда да үлесі зор. Оған сәттілік тілейміз», - деді дүйсенбі күні Алматы облысының әкімі Амандық Баталов аппарат кеңесі барысында. Хабарда атап өтілгендей, әкімнің бұрынғы орынбасары, өз кезегінде әріптестеріне рақметін айтты.
«Жеті айда аз нәрсе жасалған жоқ. Алғашқы іссапар Арыста облыс әкімімен бірге өтті. Дегенмен біз оны сәтті аяқтадық. Алматы облысы – менің кіші отаным және мен бұл жерде жұмыс жасағаныма қуаныштымын. Өңіріміздің ары қарай гүлдене беруін тілеймін», - деді Манзоров.
Манзоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне 2019 жылдың шілдесінде тағайындалды. Ол ТҮКШ, кәсіпкерлік және туризм саласына жетекшілік еткен.
Бұған дейін ҚазТАГ ХАА ақпаратқа қанық дерек көзіне сілтеме жасай отырып, Бағдат Манзоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетіп жатыр деп хабарлаған еді. Манзоровтың жаңа қызмет орны болуы мүмкіндердің ішінде ақпарат көзі «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ны да келтірген. Сондай-ақ, дерек көзі әкім аппараты басшысы қызметінен Темірлан Бектасовтың да кетіп бара жатырғанын, оның орнына Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Серік Тұрдалиевтің келуі күтіліп отырғанын айтты.
Еске салсақ, 26 қыркүйек күні ҚазТАГ ХАА құқыққорғау органдарындағы дерек көзіне сілтеме жасай отырып, Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің Манзоровты ұстағандығы туралы хабарлаған еді.
Кейін белгілі болғандай, шенеунікке Алматы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болған кезіндегі жол берген бұзушылықтары бойынша айып тағылған екен.
29 қазанда белгілі болғандай, Манзоров қылмыстық тексеруден босатылды.
30 қазанда Қазақстан бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровты ұстағандары үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері жауапқа тартылады деп мәлімдеген еді.
31 қазанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Манзоровқа қатысты қылмыстық істің тоқтатылуымен келіспейтіндерін мәлімдеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметкері «тергеу барысында бас прокуратураның қылмыстық іс материалын сұратып алғанын және қылмыс оқиғасының болмауы салдарынан істі тоқтатқанын, қазіргі таңда бұл шешіммен келіспейтіндерін және қарсылық білдіретіндерін» хабарлады.
7 қарашада сенатор Андрей Лукин Манзоровтың ісінде қатты сөз айтудан сақтануға және бас прокуратура жауабын күтуге шақырды.
13 қарашада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің басшысы Алик Шпекбаев агенттіктің Манзоровтың ісінде өз ұстанымдарында тұратынын мәлімдеді.
19 қарашада жағдайға түсінік берген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мұндай жағдайдың «кез келгеннің» басында болуы мүмкін екенін айтты.
20 қарашада белгілі болғандай, бас прокуратура сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың ісіне қатысты шағымын қанағаттандырмады.
21 қарашада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері Манзоровтың ісі бойынша бас прокуратураның дәлелдеріне шағымданулары мүмкін екенін мәлімдеді.
27 қарашада ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов оларда аталмыш іске қатысты барлық дәлелдерінің барын мәлімдеді, бірақ 30 желтоқсанда бас прокурордың орынбасары Ахметжанов ҚазТАГ тілшісіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер ақырында істің тоқтатылуына арызданбағандарын жеткізді.

adimage