Бахытжан Намаев ҚР президентінің Байқоңырдағы арнайы өкілі болып тағайындалды

Астана. 23 сәуір. ҚазТАГ – Бахытжан Намаев Қазақстан президентінің Байқоңырдағы арнайы өкілі болып тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Бахытжан Билялұлы Намаев Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметіне тағайындалды», - деп хабарлады сейсенбіде Ақордадан.
Намаев бұған дейін 2019 жылдың сәуірінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған. Оған дейін 2018 жылдың наурызынан бастап 2019 жылдың сәуіріне дейін Қызылорда облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы болған. Оның алдында Батум мұнай терминалын басқарған.

adimage