Балқашта кәріз жүйелерін жөндеу жұмыстарына Т11,8 млрд жұмсамақшы

   Астана. 19 сәуір. ҚазТАГ – Балқашта кәріз жүйелерін жөндеу жұмыстарына Т11,8 млрд жұмсамақшы, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
  «Тапсырыс беруші – «Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ; атауы - работы по капитальному ремонту/реконструкции канализационных систем («кәріз жүйелерін күрделі жөндеу/қайта жаңарту бойынша жұмыстар», қазақша лотта атауы орыс тілінде жазылған – ҚазТАГ); қосымша сипаттамасы - Балқаш қаласындағы кәріз коллекторларын қайта құру; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т11 822 099 374», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
  Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 8 сәуірде басталған, 24 сәуірде аяқталады.

Фото көзі: novoetv.kz


adimage