Баспаев Қазақстан ПӘ басшысының орынбасары болып тағайындалды

Астана. 9 желтоқсан. ҚазТАГ – Ернар Баспаев Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын», – делінген хабарда.

adimage